Әнші Ұланғасыр Қами жекпе-жек шеберіне 1 миллион теңге сыйақы берді

Әнші Ұланғасыр Қами жекпе-жек шеберіне 1 миллион теңге сыйақы берді
instagram.com/usserbai_daulet
450

Әнші Ұланғасыр Қами NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен аралас жекпе-жек шебері Дәулет Өсербайға 1 миллион теңге сыйға тартты.

Кеше Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай (4-1) ирандық спортшы Пахлаван Даудты (2-1) қылқындыру әдісімен жеңіп, кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын.

Жекпе-жек алдында аренада «Жалғызым-қазақ» әнін орындаған әнші Ұланғасыр Қами Дәулет Өсербайға қарсыласынан айласын асыра білсе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен еді. Кездесу аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев берген уәдесінде тұрып, Дәулетке 1 миллион теңгені аударды.

Серіктес жаңалықтары