648
Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы әсерлі жазба жариялады
Жұмагүл Нүкенова көпшіліктің қолдауына алғысын білдірді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы қызына арналған әсерлі жазба жариялады.
Жұмагүл Нүкенова көпшіліктің қолдауына алғысын білдірді.
«Мен бірнеше ай бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянамын. Салтанат әрқашан менің ойымда. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтып жүреді. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды айтамын. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер", – деп анасы әсерлі жазба қалдырды.