284
Алматыда 18 жастағы жігіт көп қабатты үйден секіріп кетті
Полиция департаменті ақпаратты растады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде 18 жастағы жігіттің көп қабатты үйден секіріп кеткені туралы ақпарат тараған болатын, деп жазады turkystan.kz.
«Аталған факті бойынша Әуезов ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция баспасөз хабарламасында.
16 қыркүйекте екі мектеп оқушысы көп қабатты тұрғын үйдің шатырынан секіріп кеткен болатын.
Ал 21 қыркүйекте 12 жастағы қыз бала 13 қабаттап құлап, көз жұмған еді.