294
Шымкентте ер адам әріптесін мойнынан пышақтап өлтірген
Шымкент соты іс бойынша үкім шығарды.
Э есімді азамат «адам өлтіру» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сотталушы Шымкент қаласының Нұршуақ ықшам ауданындағы құрылыс алаңында бірге жұмыс істейтін Н есімді азаматпен ішімдік ішкен. Екеуара жанжал шығып, жәбірленуші Н соттадушыны жағынан жұдырықпен ұрып жіберген. Ашуланған Э пышақ алып, жәбірленушінің мойнына бірнеше рет сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз хабарламасында.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешірген жоқ.
Сот Э-ні кінәлі деп танып, 13 жыл бас бостандығынан айырды.