Оралда бір түнде 100 бала жоғалып кеткен

Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілген

Оралда бір түнде 100 бала жоғалып кеткен
istockphoto.com
1150

Оралда Қала күніне арналған гала-концерт кезінде жүз бала жоғалып кеткен. Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілді, деп хабарлайды «Мой город» желілік басылымы.

Басылым мәліметінше, 21 қыркүйек кешке Қала күніне орай өткен гала-концерт кезінде 100 бала жоғалып кеткен. Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілген.

Сондай-ақ бұл күні қалада 19 ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, 23 адам ішімдік ішкені үшін ұсталып, 38 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген. Бұған қоса төрт жүргізуші мас күйінде ұсталған.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Қарағандыда өткен ауқымды концерт кезінде 35 бала қалың нөпірдің арасында адасып кеткен болатын. Балалар табылып, ата-аналарына қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары