265
Жезқазғанның білім бөлімі балабақшаларға тиесілі 12 млн теңгені төлемеген
Ұлытау облысының прокуратурасы жеке кәсіпкерлердің құқығын қорғады.
Балабақшаларға бөлінетін дотацияны тексеру кезінде Жезқазған қаласының Білім бөлімінің «Алтын бесік», «Шапағат», «Мирас», «Дария» балабақшаларына келісімшарт бойынша тиесілі қаражатты төлемегені анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокуратура араласқаннан кейін ғана кәсіпкерлерге 220 балаға бөлінген 12 млн теңге төленген.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай орын алған.
Облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге тиесілі қаражатты бермеген. Кәсіпкер «мемлекеттік сатып алу» шарты бойынша тиісті тауарды жеткізіп, орындалған жұмыстар актісіне қол қойылса да, кәсіпкерге 4 ай бойы тиесілі ақшасы төленбеген. Прокуратура араласқаннан кейін ғана кәсіпкер қаражатын толық алған.