244
Сегіз жыл бұрын Астанада қарақшылық жасаған ресейлік азамат Испанияда ұсталды
Қазір ол қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Ресей азаматы 2016 жылы бір топ адаммен Астанада үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген,деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы Аликанте қаласында ұсталды.