«Менің ұлым емес». Сәкен Майғазиев халықты алаңдатқан сауалға жауап берді

Әнші толассыз келіп жатқан сұрақтарға жауап беріп, бұл тақырыптың нүктесін қойды

«Менің ұлым емес». Сәкен Майғазиев халықты алаңдатқан сауалға жауап берді
фото: әлеуметтік желіден
3959

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ұлы Әділетке қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Жақында әлеуметтік желі қолданушылары сүйіктісіне ұсыныс жасаған жас жігіттің видеосын көріп, видеодағы жігітті әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділетке ұқсатыпты. Тіпті жақындарының өзі Сәкен Майғазиевтен "Әділет үйленді ме?", "Ұлыңыз келініңізге ұсыныс жасады ма?" деп сұраған екен. 

Әнші толассыз келіп жатқан сұрақтарға жауап беріп, бұл тақырыптың нүктесін қойды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. 

"Әділет үйленді ме?", "Ұлыңыз келіндеріңізге ұсыныс жасады ма?" деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл бейнебаяндағы бала менің ұлым емес, Әділетке ұқсайтын жігіт екен. Қандай ұқсастық", – деп жазды әнші. 

Танымал әнші Жазира Байырбекова жазбаға "Әділеттің осындай видеосын көргім келіп кетті" деп пікір қалдырған. 

Сәкен Майғазиевтің жазбасына видеодағы жігіттің қызы: "Бұлай хит боламыз деп ойламаппыз. Жігітімнің Сәкен ағаның ұлына ұқсайтыны бар енді", – деп жазған.

Айта кетейік, ұсыныс жасалған қыздың аты-жөні Айгерім Амангелді екені белгілі болды. 

 

Серіктес жаңалықтары