Моншада 1 млн пара алған подполковник 30 млн теңге төлейтін болды

Атырау соты қалалық тергеу изоляторы басшысының міндетін атқарушы подполковникке үкім шығарды.

Моншада 1 млн пара алған подполковник 30 млн теңге төлейтін болды
istockphoto.com
Автор
Админ
445

Әділет подполковнигіне пара алды деген айып тағылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол сотталушылардың бірінің бауырынан 1 млн теңге пара алған. Сотталушыны шаруашылық жұмыстарына ауыстырып, тергеу изоляторында қалдыруға уәде берген.

Подполковник кінәсін мойындады. Дәлелдерді жоққа шығармаған.

Прокуратура оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Бірақ сот оған басқа үкім шығарды. Ол енді 30 млн теңге айыппұл төлейді. Өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Әділет подполковнигі шенінен де айырылды.

Еске салайық, тергеу изоляторы басшысының міндетін атқарушы 25 тамызда, моншада қолға түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары