Жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басшысының үкімі өзгеріссіз қалды

Ол бұған дейін 9 жылға сотталған.

Жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басшысының үкімі өзгеріссіз қалды
Ғаламтор
Автор
Админ
277

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының бұрынғы басшысы Олжас Ағабеков Астана сотының үкімін апелляцияға берді, деп хабарлайды turkystan.kz

Бұған дейін Астана соты оны пара алғаны, ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 9 жыл бас бостандығынан айырған болатын.

«Сотталушы мен қорқаушылары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіріп, ақтауды сұраған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен  сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылған жоқ», - деп хабарлады Астана соты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Серіктес жаңалықтары