«Отбасы банктің қызметкерімін»: Астана тұрғындары 55 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтың кінәсі дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды

«Отбасы банктің қызметкерімін»: Астана тұрғындары 55 млн теңгесінен айырылған
istockphoto.com
239

Астанада өзін Отбасы банктің қызметкерімін деп таныстырған тұрғын 22 адамды алдап кеткен, деп хабарлады қала прокуратурасы.

Ол жәбірленушілерді банк арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп алдаған.

"Құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған. Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған. Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін айтқан", - дейді ведомство.

Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген. Ол осындай 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Алаяқтың кінәсі дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары