Антикор «Астана банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырады

Антикор «Астана Банкі» АҚ бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Антикор «Астана банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырады
Телеграм Антикор
235

Антикор «Астана Банкі» АҚ бұрынғы акционері Олжас Тоқтаровты жауап алуға шақырды.

Антикор «Астана Банкі» АҚ бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар банк активтерін жалған агенттік қызметтер көрсету және бақылауындағы SKK Tennasy Group ЖШС пайдасына бизнес-орталық ғимаратын заңсыз иеліктен шығару арқылы аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген. Күдікті О. Тоқтаровтың әрекеттерін ҚК 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған. Күдікті жауап алуға шақыру қағазымен шақырылады. 

«Алайда күдікті О. Тоқтаровтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

Күдікті О. Тоқтаровқа жауап алу және іс-әрекеттердің саралануы туралы қаулыны жариялау үшін 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет», - делінген хабарда.

Серіктес жаңалықтары