«Құны 10 млн теңге»: Алматыда ер адам қарияны өлтіруге тапсырыс берген

Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды.

«Құны 10 млн теңге»: Алматыда ер адам қарияны өлтіруге тапсырыс берген
видеодан скриншот
Автор
Админ
207

Полиция департаментіне 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған.

Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты.

Тапсырыс беруші ұсталды. Ол қамауға алынды.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары