Астанада тегін донер үшін 4 мың адам жиналған

Болған жағдайға қатысты полиция департаменті де түсініктеме берді.

Астанада тегін донер үшін 4 мың адам жиналған
скриншот
302

Блогер Олжасхан (Олжас Қайрат) Астанада дәмхананың ашылуына орай «1000 донер тегін таратылады» деген жарнама жасаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Rýhy басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жиналған адам саны 4 мыңнан асып кеткен. Адам көп жиналғандықтан, оқиғаны реттеуге тәртіп сақшылары тартылды. Себебі, жиналған жұрттың көптігіне байланысты,  4 көшедегі қозғалыс шектелген. Блогердің жарнамасына жиналған адамдарға донер емес, талон таратылған. Кейін блогердің өзі оқырманын кешірім сұрады.

«Осылай болып кетеді деп ойламадық. Бұл жоспардан тыс болды. Мен үшін келгендіктен, барлығына шығып суретке түскім келді. Алайда, маған рұқсат бермеді. Кешірім сұраймын», - деді Олжас Қайрат.

Болған жағдайға қатысты полиция департаменті де түсініктеме берді.

«25 қыркүйекте мекеменің ашылуы мен донерге жеңілдікпен талон тарату кезінде көп адам жиналды. Есіл ауданының полициясы мен әкімдік қызметкерлері жағдайды реттеу және қысымның алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдады. Полиция қызметкерлері ұйымдастырушылардың тұлғасын анықтап, жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары