Интеллектуалдық меншік комитетінің төрағасы тағайындалды

Енді бұл комитетке Шолпан Абдреева басшылық етеді.

Интеллектуалдық меншік комитетінің төрағасы тағайындалды
Автор
Админ
213

Шолпан Абдреева ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шолпан Абдреева 1975 жылы Астана қаласында туған. «Әділет» жоғары құқық мектебін, Турина (Италия) университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола қалалық халық сотында бастаған. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Әділет министрлігінде, Еуразиялық патенттік ұйымда жұмыс істеген. 2023 жылы Астана қалалық сотының судьясы болған. 2023 жылдың мамырынан бастап қазірге дейін ҚР Әділет министрлігінің Интеллектуалдық меншік құқықтары жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары