Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрын Брюссельде өнер көрсеткен видеосын көрсетті

Өнер иесі алғаш рет 1997 жылы Бельгияның Брюссель қаласына өнер көрсеткен.

Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрын Брюссельде өнер көрсеткен видеосын көрсетті
instagram
586

Танымал әнші Қарақат Әбілдина 1997 жылы алғаш рет шетелде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялады.

Өнер иесі алғаш рет Бельгияның Брюссель қаласына барған.

«Архивті ақтарып отырып, 1997 жылы ең алғаш шетелге гастрольдік сапармен шыққан кездегі видеоны тауып алдым. Консерваторияның екінші курс студентімін. Жасым 19 да. Бельгияның Брюссель қаласында халықаралық жәрмеңке өтетін болды. Қазақстаннан баратын делегация қатарына мәдениет өкілі, өнер көрсететін әнші керек болып, кастинг таңдауынан өтіп, маған бару бұйырады. Алғаш шет елге шығуым. Елшілікте менімен кездесу ұйымдастырып, Түркі әлемінің ұлы тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың алдында бір жарым сағат ән шырқап, батасын алу бақытына ие болдым», – деп жазды әнші.

Серіктес жаңалықтары