255
ҚазҰУ-дегі абитуриент көз жұмған субұрқақты гүлзарға айналдырмақ
Маусым айында мектеп түлектері Алматыдағы ҚазҰУ-де ҰБТ тапсырған болатын.
Сол күндердің бірінде 17 жастағы абитуриент субұрқаққа кіріп, жан тәсілім еткен еді. Субұрқақта «шомылуға болмайды» деген тыйым белгісі болса да, бозбала суға түскен.
Субұрқақ ҚазҰУ-ге тиесілі. Университет енді сол субұрқақты бұзып, гүлзарға (клумба) айналдырмақ.
«Субұрқақ университет балансында және қазір жұмыс істемейді. Оны гүл клумбасына айналдырамыз», - делінген баспасөз хабарламасында.