Оралда мұғалімді өлтірген күдікті сотталды

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып,12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оралда мұғалімді өлтірген күдікті сотталды
сурет ашық дереккөзден алынды
417

Сәуір айында Орал қаласында мұғалімге компьютерін жөндеуге келген ер адам әйелді өлтіріп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

Қаза тапқан адамның пәтерінен кетіп бара жатып, ол алтын бұйымдарды, әмиянды, ұялы телефонды және жәбірленушінің ақшасын 1,7 млн теңге ақшасын алып кеткен.

Сонымен қатар, ер адам үйінде заңсыз мылтық сақтағаны да тергеу барысында анықталған.

Сот отырысы кезінде сотталушы мұғалімнің заттарын өлтіргені және ұрлағаны үшін кінәсін мойындамады және оны ақтауды сұрады.

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып,12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушінің (мұғалімнің қызының) талабы ішінара қанағаттандырылды, сотталушыдан 1,8 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мұғалімнің қызы сот шешімімен келіспеді. Ол жазаны тым жұмсақ деп санайды.

Серіктес жаңалықтары