368
Әлем чемпионы ТЖМ қызметкері болып еңбек етеді
Санжар Әділов Қарағанды облысының азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді.
Әлем чемпионы Санжар Әділов Төтенше жағдайлар министрлігіне жұмысқа орналасты, деп хабарласты turkystan.kz.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы жариялады.
Санжар Әділов-ММА бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жауынгерлік самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша әлем чемпионы және Alash Pride кәсіби лигасының қазіргі чемпионы – Қазақстан Республикасының мақтанышы өз өмірін халқымызды қорғауға арнап, азаматтық қорғау органдарының қызметіне кірісті.