Алматы облысында 15 жастағы қыздан ақша бопсалағандардың кім екені белгілі болды

Полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді

Алматы облысында 15 жастағы қыздан ақша бопсалағандардың кім екені белгілі болды
фото: видеодан скриншот
492

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің әлеуметтік желідегі парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

«Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді», - деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Қазіргі уақытта ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары