564
Ұлытаулық тұрғын марганец рудасын заңсыз қазып, 3 млрд теңге тапқан
Оның қылмысы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.
Ұлытауда ер адам 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз «Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан.
Оның қылмысы «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.
«Мемлекетке 1 млрд теңгеден астам шығын келген. Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады. Күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді», – деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.