450
Өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге сатпақ болған азамат ұсталды
Ақтөбе прокуратурасы адам ағзаларын заңсыз сату фактісін анықтады.
Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында Е есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекеті туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру шаралары аясында күдікті ұсталды. Ол өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге сатпақ болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.