АЭС құрылысы елдегі инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді

АЭС құрылысының жобалары ел экономикасына қомақты инвестиция тартып, инфрақұрылымды және онымен байланысты салаларды дамытуға ықпал етеді.

АЭС құрылысы елдегі инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді
Халықтық штаб
233

Халықтық штаб өкілдері Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесіп,  өңірлік экологиялық кеңестің отырысын өткізді.

Самар аудандық Халықтық штаб мүшелері Гүлнар Шаймарданова мен Айнұр Отаршина ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен  кездесті.

Атом электр станциясы Қазақстанның энергетикалық жүйесін әлемдік энергетикалық нарықтағы өзгерістерге төзімді етеді, көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, мұнай мен газдың әлемдік бағасындағы ауытқулардан елдің экономикасын қорғайды. Бұл Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттырып, шығындарды алдын ала болжап отыруға мүмкіндік береді.

«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады»,- дейді Айнұр Отаршина.

АЭС құрылысының жобалары ел экономикасына қомақты инвестиция тартып, инфрақұрылымды және онымен байланысты салаларды дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, «AMANAT»  партиясының ШҚОФ жанындағы өңірлік экологиялық кеңестің отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде климаттың өзгеруіне және халықтың денсаулығына әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындардың парниктік газдар шығарындыларын азайту шаралары туралы және өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша ірі қалаларда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту сияқты бірқатар мәселелер қаралды.

«Экологияны жақсарту біз үшін басты мақсат. Бұл бағытта атқарылып жатқан шараларда аз емес. «AMANAT»  партиясыда өз кезегінде экологиялық мәселелерді шешуге барынша басымдық беруде», - деді өңірлік кеңестің мүшесі Зейнулла Султанбеков.

Сонымен қатар жиын барысында кеңес мүшелері атом электр станциясының экологиялық тұрғыда тиімді тұстарында талқылады.

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі»,- деді Өңірлік кеңестің төрағасының орынбасары Татьяна Чернышова.

Серіктес жаңалықтары