АЭС еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелмек

Аян Талғатұлы АЭС Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігін азайтып, еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелетінін алға тартты.

АЭС еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелмек
Халықтық штаб
321

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерболат Сатыбалдин, Аян Зейнуллин және штаб төрағасы Бауыржан Шыңғысов, штаб мүшелері Абзал Жиенбаев, Бақытбек Төребеков Ұлытау облысындағы өндіріс қызметкерлерімен кездесті.

Халықтық штаб жасыл энергия көзінің артықшылықтары кеңінен жеткізіп, қала тұрғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.

Алғаш болып сөз алған Ерболат Сатыбалдин элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa екенін негізге алды.

Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргиякөздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болареді,- деді депутат. 

Ал Аян Талғатұлы өз кезегінде АЭС Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігін азайтып, еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкелетінін алға тартты.

«АЭС айналасындағы инфрақұрылымды дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, ел экологиясымен қатар экономикаға да оң әсерін тигізеді», - деді халық қалаулысы.

Өзге штаб мүшелері елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орындалған деген пікір білдірді. Атапайтқанда, уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіруүшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Зауыт қызметкерлері де энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Өздерінің АЭС салу бойынша оң пікірлерін білдіріп, референдумға қатысатындарын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары