428
Қарағандыда 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен
Қарт адам деменциямен ауыратыны белгілі болды
Қарағандыда денсаулығында кінәраты бар 83 жастағы зейнеткер жоғалып кеткен, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
24 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, әжесі жоғалып кеткенін айтқан. Зейнеткер пәтерден шығып кеткен. Қарт адам деменциямен ауыратыны белгілі болды.
Көп ұзамай полицейлер жаяу жүргіншілер жолында жатқан зейнеткерді тапты. Қызметкерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, кейін туыстарын шақырған.