Астанада газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті

Жарылыстан кейін ғимарат қирап, өрт шықты

Астанада газ баллоны жарылып, 6 адам зардап шекті
ТЖМ
298

Астананың Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды.

Жарылыстан кейін ғимарат қирап, өрт шықты.

Ғимарттың 60 шаршы метрі қирады, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары