Қарағандыда әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот басталды

Қайғылы жағдай 2024 жылдың сәуірінде болған

Қарағандыда әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот басталды
Видеодан алынған кадр
627

Қарағандыда әйелін пышақтап өлтірген 51 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы басталды. Мәлім болғандай қылмыс балалардың көзінше орын алған. Күдікті бүгінде кінәсін толық мойындады, деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 2024 жылдың сәуірінде болған. Сол күні ерлі-зайыпты арасында ұрыс шыққан. Сол кезде ұлы полицейді шақырған. Алайда полицей келсе де, ер адамды ұстамаған. Кейін жанжал қайта басталып, ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған. Балалары жедел жәрдем шақырса да, Гүлмира Таймасова ауруханаға жетпей жан тапсырды.

Сотта ер адам алқабилерден бас тартқан, сондай-ақ істеген әрекетіне өкінетінін айтты. Марқұмның туыстары ер адам үшін ең қатаң жаза тағайындалуын талап етіп отыр. 

"Ол жазасын жеңілдету үшін кінәсін мойындауы мүмкін. Оған ешкім сенбейді. Мысалы, мен істегеніне өкінеді деп ойламаймын. Себебі бізге "Оны өлтіргім келді" деп айтқан. Екіншіден, жауыздық емес дейді. Пышақпен үш рет ұрған", – дейді Гүлмира Таймасованың әпкесі Айгүл Өмірзақова.

Серіктес жаңалықтары