Үш жасар Айя-Софияның өліміне күдіктілердің кім екені белгілі болды
Айтуларынша қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адамы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған
Полиция Алматы облысында жоғалып, кейін денесі табылған үш жасар Айя-София өліміне күдікті ретінде кімдердің ұсталғанын айтты. Қыздың анасы мен азаматтық некеде бірге тұрған ер адам қамауға алынған, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Үш жасар Айя-София 17 наурызда Алматының жанындағы Күш ауылында жоғалып кетіп, бірнеше ай бойы іздеуде болды. Шілде айының соңында полицейлер жоғалған балаға тиесілі сүйек қалдықтарын тапты. Бұл кезде полицейлер қылмысқа күдіктілердің ұсталғанын, бірақ олардың жеке басын ашпаған болатын.
Алматы облысының полиция департаменті қызды өлтірді деген күдікпен кімнің ұсталғанын мәлімдеді. Айтуларынша қазір баланың анасы мен оның бірге тұратын адамы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынған.
"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайлар анықтауға бағытталған. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Күш ауылында үш жасар Айя Софияз із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан.