496
Астанада көшеде бесік арбасын сүйреген көпбалалы ана білдіртпей есірткі жарнамалаған
Ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған
Астананың көшесінде есірткіні жарнамалайтын 27 жастағы төрт баланың анасы ұсталды. Ол QR-кодтары бар стикерлер таратқан, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, жедел қызметкерлер қауіпсіздік камераларының жазбаларынан күдікті әрекеттерді байқаған. Әйел ғимараттарға, кіреберістерге, шлагбаумдарға тіпті кондиционерлерге стикерлер жабыстырған.
Анықталғандай, ол Telegram арналарының біріне тіркеліп, куратордан 500-ге жуық жапсырманы таратуға тапсырма алған. Бұл үшін оған ақы төленетіні және мұның артында қылмыстық әрекеттер жатқаны да айтылған.