Жамбыл облысында туысын тонаған жігіт ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Жамбыл облысында туысын тонаған жігіт ұсталды
polisia.kz
316

Жамбыл облысы Байзақ ауданында көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. Ол кейінірек автомобильдегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы 170 мың теңге. 

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы ер адамды анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты, – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары