Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті

Петропавлда 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті
I stock
331

Петропавлда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді жүк көлігі қақты. 

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Петропавлдағы Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында болған. 

«ЗИЛ КО-510» жүк көлігінің 49 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан облыс орталығының 17 жастағы тұрғынын қағып кетті.

Түрлі дене жарақатын алған жасөспірім жедел жәрдем көлігімен емдеу мекемесіне жеткізіліп, жатқызылды.

Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Жүргізуші медициналық куәландыруға жіберілді, алдын ала мәлімет бойынша - мас емес.

Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды, жағдайы ауыр.

Серіктес жаңалықтары