Астанада көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті

Оқиға Григорий Потанин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Астанада көпқабатты үйдің балконы опырылып түсті
istockphoto.com
388

Патриот басылымы жазғандай, балконда тұрған әйел темір торлардан ұстап үлгерген, соның арқасында аман қалды. Оқиға Григорий Потанин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Балкон төртінші қабатқа құлады.

Қазіргі уақытта үй тұрғындары опырылған балкон мәселесіне байланысты көмексіз қалғандарын айтып шағымдануда. Төтенше жағдайлар департаменті келіп, плитаның үлкен ауыр сынықтарын алып тастаудан бас тартты. Салдарын жоюды Төтенше жағдайлар департаменті үй тұрғындары мен пәтер иелерінің кооперативтерінің мойнында дейді.

Ал пәтер иелерінің кооперативтері Патриот басылымына балконның құлауының салдарын жою сияқты функция олардың міндеттерінің тізімінде жоқ екенін айтты.

Өткен демалыс күндері, 28 қыркүйекте Астанада екі қабатты үй жанындағы дәмханада газ жарылды. Ғимараттың бір бөлігі құлады.

Серіктес жаңалықтары