672 млн теңге айыппұл төлеуден жалтарған азамат 10 жылға сотталды

2018 жылы пара берген адам жауапкершілікке тартылып, 672 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

672 млн теңге айыппұл төлеуден жалтарған азамат 10 жылға сотталды
istockphoto.com
Автор
Админ
228

Жазадан құтылып кету үшін ол өкілетті органға айыппұлдың толық төленгені жайлы жалған құжат ұсынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана прокуратурасы бұл қылмыстық фактіні дер кезінде анықтап, оның жазасын 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Сот үкімімен ол аса ірі мөлшердегі алаяқтық, лауазымды тұлғаға пара беруге итермелеу бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Тергеу барысында оған миллиондаған айыппұл төлеуден жалтаруға көмектескен тұлға ұсталды.

Серіктес жаңалықтары