Есірткі сақтаған Астана тұрғыны Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті қаңтарында Грузия аумағында ұсталды.

Есірткі сақтаған Астана тұрғыны Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура
220

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларынжүргізу барысында күдікті басқарғанавтокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» байламдары табылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Күдікті қаңтарында Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары