262
Еңбек демалысын толық алмаған дәрігерлер 2,3 млн теңге өтемақы алды
54 қызметкерге 2,3 млн теңге көлемінде өтемақы төленген.
Қостанай облысының Наурызым ауданының прокуратурасы «Наурызым аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеріс нәтижесінде медицина қызметкерлерінің еңбек демалысын толық алмайтыны анықталды. Осылайша олардың құқығы бұзылған.
Прокурорлардың араласуынан кейін 54 қызметкерге 2,3 млн теңге көлемінде өтемақы төленген.