Атом энергетикасы отандық ғылым мен білім беру ісін дамытуға оң серпін береді

Атом энергетикасы отандық ғылым мен білім беру ісін дамытуға оң серпін береді
366

Абай облысы Жарма аудандық Халық штабының мүшелері «Шалабай» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, оларға АЭС салу жөніндегі Республикалық референдум өткізудің маңызын түсіндірді.

Жарма аудандық Халық штабының өкілі Олжас Ибрагимов атом электр станциясының жұмыс істеуі туралы толық ақпарат берді.

«Сыртқы тәуекелдерді азайту және жобаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықаралық әріптестермен ынтымақтастықтың егжей-тегжейлі тетіктері, сондай-ақ озық технологияларды енгізу көзделген. Тұрғындардың денсаулығын, флора мен фаунаны қорғау – мемлекеттің басымдықтарының бірі. Сондықтан АЭС бойынша халық оң шешім қабылдаған жағдайда, Қазақстанда осы салада озық технологияларды пайдалану, атап айтқанда, III және III+жаңа буын атом электр станциясын салу жоспарланып отыр. Олардың ерекшелігі – белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерін қосу. Олар ішкі және сыртқы шығу қатерлері жағдайында атом электр станцияларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Олжас Ибрагимов.

Сонымен қатар ол АЭС-тің пайдасын тілге тиек етті.

«Атом электр станциясының құрылысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр қуатының тапшылығын, энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сенімділігін төмендету үшін қажет. Сонымен қатар, бұл ел экономикасына ұзақмерзімді пайда болмақ. Атом энергетикасы отандық ғылым мен білім беруді дамытуға оң мультипликативтік әсер ететіні, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялардың жедел дамуына ықпал ететіні сөзсіз», – деді О.Ибрагимов.

Кездесу талқылау форматында өтті. Азаматтардың АЭС құрылысына қатысты сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

 

Серіктес жаңалықтары