Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Олар қылмыс үстінде құрықталды.

Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті  ұсталды
198

Есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйел қолға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кинология орталығы қызметкерлерімен бірлесіп «Қарасора»жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адамды және 28 жастағы әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді. Сондай-ақ, жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары