468
«Сөз естідім»: Меруерт Түсіпбаева ер адамдарға үндеу жасады
«Мен толықтарды жек көремін» деген пікірім үшін хейттің астында қалып, сөз естіп жатырмын.
Актриса, әнші Меруерт Түсіпбаева «семіз адамдарды жек көремін» деген пікірі үшін ер адамдардан сөз естіп жатқанын айтты.
«Мен толықтарды жек көремін» деген пікірім үшін хейттің астында қалып, сөз естіп жатырмын. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!», – деді мәдениет қайраткері.