Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Мұрат Бәйменовтың кандидатурасы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынылды.

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мұрат Бәйменов. Фото: әкімдік
668

Мұрат Бәйменов Орал қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Мұрат Бәйменовтың кандидатурасы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынылды.

Айта кетейік, Орал қаласының бұрынғы әкімі Миржан Сатқанов өз еркімен қызметінен кетті. Ол мұндай шешімге денсаулығының нашарлауы себеп болғанын айтты. Шілденің 22-нен бері қала әкімі сайланбады, арада 2 айдан көп уақыт өткен соң Бәйменов келді.

2002 жылы Орта Азиялық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

1985-1986 ж.ж. Шыңғырлау кеңшарының құрылыс жұмысшысы;

1987-1989 ж.ж. Кеңес Армиясы Қарулы күштері қатарында;

1989-1991 ж.ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық техникумының студенті;

1991-1993 ж.ж. Шыңғырлау совхозы №6 бригадасының есепшісі;

1993-1994 ж.ж. БҚО Шыңғырлау ауданы Қызылкөл совхозының бухгалтері;

1996-1999 ж.ж. БҚО Қаржы басқармасының агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру бөлімінің жетекші ревизор-инспекторы;

1999-2002 ж.ж. БҚО Қаржы басқармасының материалды өндіріс саласы бөлімінің бас экономисі;

2002-2004 ж.ж. БҚО Қаржы басқармасының халық шаруашылығы саласын қаржы, борыш, несиелендіру бөлімінің бастығы;

2004-2005 ж.ж. БҚО Қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

2005-2006 ж.ж. БҚО қаржы департаменті бастығының орынбасары;

2006-2007 ж.ж. "Ақжайық санаториясы" ААҚ дирекоры,

2007-2008 ж.ж. «Жайық самалы» ЖШС директоры;

2008-2010 ж.ж. Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары,

2010-2012 ж.ж. БҚО әкімі аппараты экономикалық талдау, ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

2012-2013 ж.ж. Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;

2014-2016 ж.ж. БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы орынбасары;

2016-2019 ж.ж. «Жайықжылуэнерго» АҚ Бас директоры;

24.06.2020 ж. Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары