Алматыда дзюдодан Азия чемпионына шабуыл жасалды

Оқиға бүгін күндіз автотұрақта болған.

Алматыда дзюдодан Азия чемпионына шабуыл жасалды
видеодан скриншот
Автор
Админ
203

Дзюдодан Азия чемпионы, әлем біріншіліктерінің жүлдегері Дамир Исахановты өлтіруге оқталған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеодан бірнеше азаматтың көлікке жақындап келіп, әлдене айтып, жанжалдасып жатқанын көруге болады. Бір сәтте Дамир Исахановға бірнеше рет пышақ сұғып, кетіп қалған.

Бір соққы жүрегіне тигенімен спортшы аман қалған.

Алматы Полиция департаменті күдіктіні ұстаған.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты, объективті жүргізіліп жатыр. Алматы Полиция департаменті басшылығы тергеу барысын бақылауда ұстап отыр», - деді полиция.

Серіктес жаңалықтары