«Сезіміммен ойнады»: Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен шағымданып, полиция шақырған

Полицейлер бқл оқиғаны растады

«Сезіміммен ойнады»: Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен шағымданып, полиция шақырған
фото: видеодан скриншот
1298

Қызылорда тұрғыны «сезіміммен ойнады» деп қыздың үстінен шағымданып, полицияға хабарласқан видеосы желіде тарады.

Жігіт пен қыз бір-бірін жақын танымайды, екі күн бұрын танысқан. Сөйтіп қыздың басқа біреудің көлігінде отырғанына ашуланып, полиция шақырған. Қыз полицияның келгенін видеоға түсіріп алыпты.

«Полиция қызметкерлері Қызылорда тұрғынының арызы бойынша тексеріс жүргізді, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың болмауына байланысты, сондай-ақ тараптардың арыз беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен полицияға түсініктеме жазған, онда арызданушымен бір күн бұрын танысқанын және досының көлігінде отырғанын, жігіт сол кезде қызғанып шу шығарғанын айтты. Осыдан соң жігіт полицияға хабарласқан екен.

Серіктес жаңалықтары