Серік Ерубаев Мәжілістің жаңа депутаты болды
Серік Ерубаев – Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі.
Бүгін жалпы отырыста ол Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.
Серік Сәрсенұлы 1968 жылы туған, Атырау облысының тумасы.
Білімі:
1989 ж. - Гурьев ауылшаруашылық техникумы, техник-механик
2000 жылы – Алматы мемлекеттік университеті, экономист
2010ж. – Атырау мемлекеттік университеті, Мемлекеттік медицина университеті
Еңбек жолы:
1993-2006 жылдары - "Атырау Констракшн Сервисез ЛТД" ЖШС Бас директоры.
2007-2015жж. – Атырау облыстық таеквондо федерациясының президенті
2010-2015 жылдары-Қазақстан таэквондо федерациясының вице-президенті
2012 жылдан - "Ақ жол"демократиялық партиясы Атырау облыстық кеңесінің мүшесі
2021 жылғы 15 қаңтардан бастап - VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2008-2021 жылдары - "Атырау Констракшн Сервисез ЛТД" ЖШС Бас директоры.
III, IV және V сайланған Атырау қалалық мәслихатының депутаты (2003-2016 ж.ж.).
III және IV шақырылған қалалық мәслихаттың хатшысы.
Марапаттары:
"10 жыл Астана" мерейтойлық медальі (2008ж.),
"Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл" (2015ж.),
"Әскери-теңіз күштерінің ардагері" Мәскеу, Тынық мұхиты флоты (2016 ж.),
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл" (2019ж.),
Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруын дамытуға және қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін
"Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл" (2020ж.).