Жезқазғанда есірткі таратумен айналысқан қыз 10 жылға сотталды

Оған аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген айып тағылды.

Жезқазғанда есірткі таратумен айналысқан қыз 10 жылға сотталды
istockphoto.com
244

Жезқазғанда есірткі таратумен айналысқан 22 жастағы қызға сот үкімі шықты, деп хабаралады turkystan.kz​​​​​​​.

Күдікті қалада есірткі тасымалдап жүрген жерінен ұсталып, тергеу уақытында ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылады, алайда ол Шахтинск қаласына қашып кетіп, сол жақта да бұрынғы ісін жалғастырған.

Қылмысының үстінен екінші рет қолға түскен қызға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтады деген айып тағылды.

Сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары