АЭС экономика инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді

АЭС экономика инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді
354

Қазақстан дүние жүзіндегі уран рудасының ең бай қорларының біріне ие, маңызды шешім – атом электр станциясын салу алдында тұр. Қазақстанның энергетикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі – елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Осы мәселе бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу – қоғамдық пікірді есепке алудың және еліміздің азаматтарының пікірін білдіретін талқылаулар өткізудің маңызды құралы.

Бүгін облыстық халықтық штабтың мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д.Рыпаков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Шерубаев, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Алтай қаласының «Тепловодцентраль» КМК бас инженері И.Михайленко, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы А.Ақаев, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры, Мамырбаев Қ., «Клиника микрохирургии глаза» ЖШС директоры, партияның облыстық филиалының әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі кеңесшісі З.Камасова жұмыс сапарымен Алтай ауданында  Достық үйі мен Тепловодоцентраль  қызметкерлерімен кездесті.

Сонымен қатар, Шемонаиха ауданында атом электр станциясының (АЭС) құрылысын қолдау жөніндегі Республикалық Халықтық штабы өкілдерінің жергілікті жұртшылықпен кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстанда атом электр станциясын салу перспективасы болды. Қатысушылар атом энергетикасын дамыту елдің  тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды қадам болып табылатынын атап өтті. 

Олардың пікірінше, атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайға оң әсер ететін көмірқышқыл газының шығарындыларын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Республикалық Халықтық штабының мүшелері қазіргі заманғы атом электр станцияларының озық технологиялармен жабдықталғанына және атом электр станцияларының ескірген үлгілерінен едәуір асып, қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына жауап беретініне назар аударды. Бұл оларды қазіргі әлемдегі ең сенімді және қауіпсіз энергия көздерінің біріне айналдырады.

«Бүгінде біздің экономикамыз шикізат экспортына көп тәуелді. Нағыз дамыған ел болу үшін біз бұл тәуелділікті жеңуіміз керек. Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасының жаңа технологиялық деңгейге өтуі үшін қажет. АЭС пайдалануға берілгеннен соң айтарлықтай экологиялық жағдайды  және экономика инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік аламыз", – деді Республикалық Халықтық штабтың мүшесі, Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов.

Серіктес жаңалықтары