Тұрақты энергия көзі тұрақты дамуға жетелейді
Қостанайда Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша облыстық штаб мүшелерінің курсанттармен маңызды кездесуі өтті. Кездесуде штаб мүшелері Серік Бектұрғанов пен Жанар Күйшінова сөз сөйледі. Кездесудің басты мақсаты елімізде АЭС салудың болашағы мен артықшылықтарын түсіндіру болды.
Кездесуге Академия басшысы, генерал-майор Ақынқали Дарменов те қатысып, құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлері үшін талқыланып жатқан тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, атом энергетикасы ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты, сондықтан жас мамандар осындай маңызды мемлекеттік бастамалардан хабардар болуы керек.
Академия курсанттары тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Олар АЭС құрылысының елдегі экологиялық жағдайға қалай әсер ететіні және нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатынына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, энергетика саласындағы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен осындай нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін болашақта мамандандырылған дайындықтан өту мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойылды.
Өз сөзінде Серік Бектұрғанов АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Ол қазіргі заманғы атом энергетикасы – экологиялық таза және қауіпсіз энергия көзі екенін, бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және дәстүрлі отын түрлеріне тәуелділікті төмендетуге көмектесетінін айтты. Бектұрғанов АЭС құрылысының және оның пайдалану барысының барлық кезеңдері заманауи технологиялардың арқасында қатаң бақылауда болатынын, бұл халық пен қоршаған орта үшін сенімді қорғанысты қамтамасыз ететінін баса айтты.
Жанар Күйшінова АЭС елімізге экономикалық пайда ғана емес, сонымен қатар парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық бастамаларға қатысушы жетекші ел ретінде Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Ол қоғаммен ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулер жастардың Қазақстанның болашағы үшін маңызды энергетикалық жобалардың мәнін тереңірек түсінуіне көмектесетінін айтты.
Кездесу соңында генерал-майор Ақынқали Дарменов штаб мүшелеріне ашық талқылауы үшін алғыс айтып, осындай іс-шаралар курсанттардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Курсантар өз кезегінде спикерлерге егжей-тегжейлі түсіндірмелері үшін ризашылықтарын білдіріп, мұндай диалогтардың еліміздің стратегиялық даму бағыттарын жақсы түсінуге мүмкіндік беретінін айтты.
Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдау бойынша республикалық штаб мүшелері Берік Бейсенғалиев, Еркін Әбіл, Құдайберген Бексұлтанов және Назарбек Бекбатыровтың АО «КазТрансГазАймақ» ұжымымен кездесіп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және экологиялық стандарттарды сақтау туралы пікір алмасты.
"АЭС біздің тәуелсіз энергетикамыздың кепілі болмақ. Ол Қазақстанның болашақ энергия көзін әртараптандыруға мүмкіндік береді және елдің тұрақты дамуына серпін береді”, – деді Берік Бейсенғалиев.
Еркін Әбіл өз кезегінде атом энергетикасының болашағына деген сенімін білдіріп, оның ел экономикасына әкелетін игіліктеріне назар аударды.
“АЭС – бұл елдің инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары мен өңірлердің дамуына әсер ететін ауқымды жоба”, – деді ол.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері жобаға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, АЭС салу процесінің қауіпсіздігі мен технологиялық аспектілері туралы толық ақпарат алды. Спикерлер заманауи ядролық технологиялардың қауіпсіздігіне және олардың экологиялық талаптарға сай келетінін атап өтті.
Іс-шара соңында республикалық штаб өкілдері АЭС құрылысының Қазақстанның энергетикалық болашағына қосатын зор үлесін тағы бір рет айқындап, бұл жоба елдің тұрақты дамуына бағытталған стратегиялық шешім екенін айтты.
Содан соң республикалық штаб өкілдері Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесуде Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен байланысты негізгі аспектілер мен перспективаларды талқылады.
Жастар ықтимал тәуекелдер, экономикалық тиімділік және жобаның қауіпсіздігі туралы белсенді түрде сұрақтар қойды. Спикерлер оларға жоғары халықаралық стандарттар мен құрылыс үдерісіне қатаң бақылау жасалатынына баса назар аудара отырып, жауап берді.
“Атом энергетикасына байланысты алаңдаушылықты түсінеміз, бірақ заманауи технологиялар қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етеді. Қазақстан АЭС салуға дайын, бұл бізге көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға және қазба отынға тәуелділікті төмендетуге көмектеседі”, – деді Берік Бейсенғалиев.
Қостанайда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу перспективасы талқыланған кездесу өтті.
Басты спикерлер ретінде АЭС салуды қолдау бойынша облыстық штаб мүшелері Игорь Белобржицкий мен Нұрбек Әбдібеков сөз сөйледі. Игорь Белобржицкий АЭС-тің елдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызын атап өтті.
«АЭС салу Қазақстанды көмірсутектерге тәуелділікті азайтуға және парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік береді. Біз ядролық энергетикасыз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мүмкін еместігі туралы айтып отырмыз, бұл үкіметтің жоспары», – деді Игорь Белобржицкий.
Кездесуде алдағы референдумға ерекше назар аударылды, онда Қазақстан тұрғындары АЭС құрылысы мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Игорь Белобржицкидң айтуынша, біз мұндай маңызды мәселе демократиялық жолмен шешілуі тиіс екеніне сенімдіміз, әр азамат саналы таңдау жасауы керек.
Нұрбек Әбдібеков өз сөзінде бүгінгі күні АЭС салу үшін қолданылатын технологиялар 30-40 жыл бұрынғы технологияларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз, бұл қателіктерді де, табиғи катаклизмдерді де болдырмайдытынын атап өтті.
Содан соң халықтық штаб мүшелері, атап айтқанда Гүлмира Капенова мен Несібелі Басенова, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымымен арнайы үгіт-насихат кездесуін өткізді. Бұл іс-шара Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты маңызды ақпаратты түсіндіруге және осы тақырып төңірегіндегі қоғамдастықты толғандыратын сұрақтарға жауап беруге арналды.
Кездесу барысында АЭС құрылысы және ядролық энергетиканың еліміздің экономикалық дамуындағы рөлі жан-жақты талқыланды. Штаб мүшелері өз сөздерінде АЭС-тің Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосатын үлесін атап өтті. Бұл бастама еліміздегі электр қуатына деген сұранысты жабуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ядролық энергетика экономикалық өсімге серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, технологиялық саланы дамытуға және халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыруға ықпал етеді.
Экологиялық тұрғыда АЭС құрылысы көптеген сұрақ туғызады, әсіресе қалдықтардың қауіпсіздігіне қатысты сауал көп. Осыған орай, қатысушылар тарапынан радиоактивті қалдықтарды сақтау және оларды қауіпсіз жоюға байланысты өткір сұрақтар қойылды. Штаб мүшелері бұл сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап беріп, қазіргі заманғы ядролық технологиялардың экологиялық қауіпсіздігі жоғары деңгейде қамтамасыз етілгенін атап өтті. Атап айтқанда, радиоактивті қалдықтарды басқару саласында ең озық халықаралық тәжірибелер қолданылып, экологиялық қауіпсіздікке басымдық берілетіні айтылды.
Сонымен қатар, кездесу барысында АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық әсері де талқыланды. Жоба халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өнеркәсіптің әртүрлі салаларын дамытуға және аймақтық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл тек энергетика саласы ғана емес, елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын ауқымды жоба ретінде қарастырылуда.
Кездесу соңында қатысушылар АЭС құрылысына қатысты өз пікірлерін ортаға салып, осы тақырып бойынша тың деректер алды.