Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды.

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Olympic.kz
269

Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен. 

Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі.

Серіктес жаңалықтары