289
Атырау студенттеріне АЭС-тің маңызы түсіндірілді
Кездесу барысында елімізде атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңызы түсіндірілді.
Бүгін Халықтық штаб С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында елімізде атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар сарапшылар АЭС-ке қатысты сұрақтарына жауап берді.
«Елімізде болашақтағы электр қуаты тапшылығының алдын алу мақсатында атом электр станциясын салу ұсынылып отыр. Оның салыну-салынбауын алдағы жалпыұлттық референдумда халық шешетін болады. Біздің мақсатымыз - референдум туралы ақпаратты жан–жақты түсіндіру»,- деді облыстық Халықтық штабтың мүшесі Роман Зұлқайнарұлы
Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда атом энергетикасы арқылы өндірілетін электр энергиясы әлемде 10%-ға жетті. Дүниежүзінің 32 елінде 427 реактор жұмыс істейді.