Қостанай облысында есірткі сатумен айналысқан колледж студенті ұсталды (ВИДЕО)

Жасөспірім есірткі тасымалдау кезінде ұсталған.

Қостанай облысында есірткі сатумен айналысқан колледж студенті ұсталды (ВИДЕО)
сурет ашық дереккөзден алынды
224

 Қостанай облысында 16 жастағы есірткі тасымалдаушы қолға түсті, деп хабарлады turkystan.kz Қостанай таңы сайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні тінту кезінде қалтасынан «синтетика» салынған 25 орама табылды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу жұмысын белсенді жүргізіп жатқанын айтады.

Бұл шараға мұғалімдер, дәрігерлер және еріктілер жұмылдырылған.

Биыл  есірткіге қарсы 10 мыңнан артық іс-шара өткізіліп, оған 714 мыңнан астам жасөспірім қатысқан. 

Серіктес жаңалықтары