Талдықорғанда бұрынғы полиция басшысына зорлады деп айып таққан қыз қамауға алынды
Талдықорғанның бұрынғы полиция басшысы Марат Күштібаев зорлады деген қыз қамауға алынды.
Оған алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше ол Күштібаевтың әйелін алдап, ақшасын алып алған. Бұл туралы orda.kz – ға сілтеме жасап, turkystan.kz хабарлайды.
Ал Күштібаевтың әйеліне «жалған жауап беру үшін сатып алу» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Істе қамауға алынған қыздың сүйікті жігіті де бар. Ол бұрын полиция қызметкері болған. Қазір уақытша ұстау изоляторында.
Сондай Талдықорған қалалық сотының хатшысы бар. Ол ақша бергенін мойындаған, бірақ алдын-ала келісім бойынша бір топ адам алаяқтық жасады деген айыпты жоққа шығарып отыр.
Еске салайық, Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған болатын. Даулы оқиға өткен жылдың қараша айында болған. Экс-басшы қызды өзінің қызметтік кабинетінде зорлаған. 27 жастағы жәбірленуші қыз Талдықорған қаласының тұрғыны. Сол күні түнде қызды жұрттың тыныштығын бұзғаны үшін полицияға жеткізген. Күштібаев оны өз кабинетіне шақыртып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Істі жауып, алдағы уақытта да көмектесуге уәде еткен. Қыз бас тартса да, Күштібаев онысына қарамаған.
Күштібаевтың әйелі жәбірленушіге 40 млн теңге беріп, соттағы жауабын өзгертуді сұраған. Күштібаевтың әйелі сот хатшысына жүгініп, жәбірленушіні жауабын өзгертуге көндіруді өтінген. Жәбірленуші қыз келіскен. Бірақ өзіне «жалған жала жаптың» деп айып тағылмауына көмектесулерін талап еткен. Ақшаны сот шешімі шығардан екі апта бұрын алған.
Алайда сот отырысы өткен күні жәбірленуші жауабын өзгертпеген. Қорғаушы тарапқа ақшаны қайтаруға уәде беріп, сол күйі ізін суытқан.
Содан кейін Күштібаевтың жақындары сот хатшысынан 40 млн теңгені қайтаруды талап еткен. Бірақ ол қайтара алмағаннан кейін Күштібаевтың әйелі полицияға арыз жазған. Алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеуге көмектескендіктен Күштібаевтың әйелі куәгер ретінде жауап беріп жатыр.