АЭС энергия тұрақтылығы мәселесін шеше алады

Алматыда «AMANAT» партиясының өкілдері сарапшылар ұжымымен кездесті.

АЭС энергия тұрақтылығы мәселесін шеше алады
230

Қазақстанда АЭС салу туралы алдағы референдум аясында №24 қалалық емхана және №8 қалалық клиникалық аурухана ұжымдарымен кездесулер өтті. Кездесулерге Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Серік Есматов пен Андрей Шин, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының төрағасы Сарыбаев Серікболсын, «HorecaTraining Group» ЖШС құрылтайшысы Мұрат Тоқмырзиев, сондай-ақ ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Дженсейтов қатысты.

Кездесулерде баламалы энергия көздерін пайдалану және атом энергетикасымен технологиялық салыстыру мәселелері талқыланды.

Данияр Дженсейтов күн және жел станциялары сияқты жаңартылатын энергия көздері айтарлықтай әлеуетке ие болғанымен, олардың бірқатар шектеулері бар екенін атап өтті.

«ЖЭК дамуындағы прогреске қарамастан, олардың тұрақсыздығы оларды энергияның негізгі көзі ретінде қарастыруға мүмкіндік бермейді. Күн және жел электр станциялары ауа-райына байланысты және үнемі қуат бере алмайды», – деді ол.

Сарыбаев Серікболсын атом электр станциясы электр энергиясымен үздіксіз және сенімді қамтамасыз ете отырып, энергия тұрақтылығы мәселесін шеше алатынын, бұл әсіресе ірі қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін маңызды екенін айтты. Ол атом электр станциясын салу елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және импорттық электр энергиясына тәуелділікті төмендетуге қажетті қадам екенін атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту ұзақ мерзімді экономикалық пайданы қамтамасыз етеді және бизнес пен жұмыс орындары үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Кездесуге қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды және энергетика секторын дамытудың әртүрлі аспектілерін, соның ішінде баламалы энергия көздеріне қарағанда атом энергетикасының артықшылықтарын талқылай алды.

Серіктес жаңалықтары